Ақтөбеде қымбат телефон ұрлаған қыздар ұсталды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Тәртіп сақшыларының таратқан ақпарына сенсек, қолға түскен күдіктілер өткен жылдың желтоқсанында облыс орталығында орналасқан сауда үйлерінің бірінде бутикте болып, IPhone маркілі бірнеше телефонды ұрлапты.

– Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерделеу барысында екі бойжеткеннің 28 желтоқсанда екі IPhone маркілі телефонды ұрлағаны анықталды. Сөренің ашық тұрғанын білгеннен кейін олар үш күннен кейін сол жерге қайта келіп, осындай маркілі тағы да мобильді құрылғыны жасырын әкеткен, – деп хабарлайды Ақтөбе облысының полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 2006 және 2007 жылы туған бойжеткенді құрықтады. Күдіктілер кінәсін мойындапты. Олар ұрланған телефондарды ломбардқа тапсырғанын айтқан.