• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақтөбелік оқушы тұрмыстық қалдықтардан эко-арт туынды жасады

Алтыншы сыныпта оқитын оқушы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, ұлттық нақыштағы қазақ қызының бейнесін жасады.
Ақтөбелік оқушы тұрмыстық қалдықтардан эко-арт туынды жасады
Ақтөбе облысы әкімдігінің фотосы

Ақтөбелік оқушы тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеп, олардан өнер туындысын жасап шығарды. Темір ауданының Көркем сурет мектебінің тәрбиеленушісі Жансая Қуаныш қалдықтарды кәдеге асырды. Жас шебер бір жарым айдың ішінде қазақ қызының композициясын жасап шықты. Осылайша ақтөбелік оқушы «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясына үн қосты. Ұлттық нақыштағы эко-арт туынды көптің көздің жауын алды.

Ұстаздар мұндай бастамалар жас ұрпақтың табиғат анаға деген жанашырлығын оятып, көзқарасын қалыптастырып, экологиялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді деген пікірде.

Главный баннер --> after article