• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Ақын Мұхтар Шахановтың бейіті көпшіліктің наразылығын тудырды

Әлеуметтік желі қолданушысы Талғат Бұқарбаев өз парақшасында ақын Мұхтар Шахановтың жерленген жеріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Мой Город.Оның айтуынша, Түркістанға қайтып бара жатқан жолда ол арнайы түрде ақынның зиратына тоқтаған. Сондай-ақ сол аумақта сатирик-жазушы Көпен Әмірбек те жерленгенін атап өткен.«Кеше кешқұрым Түркістанға қайтып келе жатып, ақын Мұхтар Шаханов жатқан зиратқа соққан едік. Енді батып бара жатқан күнге бір мұнарасы шағылысқан зиратта Көпен Әмірбек ағамыз жатыр екен. Жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа болсын», – деп жазды ол.Сонымен бірге, Талғат Бұқарб
Ақын Мұхтар Шахановтың бейіті көпшіліктің наразылығын тудырды
Фото: Талғат Бұқарбаев

Әлеуметтік желі қолданушысы Талғат Бұқарбаев өз парақшасында ақын Мұхтар Шахановтың жерленген жеріне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Мой Город.

Оның айтуынша, Түркістанға қайтып бара жатқан жолда ол арнайы түрде ақынның зиратына тоқтаған. Сондай-ақ сол аумақта сатирик-жазушы Көпен Әмірбек те жерленгенін атап өткен.

«Кеше кешқұрым Түркістанға қайтып келе жатып, ақын Мұхтар Шаханов жатқан зиратқа соққан едік. Енді батып бара жатқан күнге бір мұнарасы шағылысқан зиратта Көпен Әмірбек ағамыз жатыр екен. Жатқан жерлері жайлы, топырағы торқа болсын», – деп жазды ол.

Сонымен бірге, Талғат Бұқарбаев ақынның қабіріне қырқынан кейін құлпытас қойылатынын айтып, зират аумағын қоршау мәселесіне назар аударған.

«Ұлы ақынның басына қырқында тас қойылады дейді. Тезірек қоршап қоймаса, айналасы тапталып бара жатқандай көрінді. Зәулім үй тұрғызбаса да, сол жағын ескерсе екен…», – деді желі қолданушысы.

Главный баннер --> after article