Қарағандыда Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің ісі сотта қаралуда
Қарағандыда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Костенко атындағы көмір шахтасындағы жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды.

Костенко шахтасында болған жарылыс бойынша қылмыстық іс аяқталып, сот процесі басталды. Бас прокуратура осы істі тергеп-тексерді. Прокурорлар таратқан ақпаратқа сүйенсек, шахта басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлердің қатарынан 10 адам күдікті танылған. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылды. Айыпталушылар қамауда отыр. Қылмыстық іс бойынша 74 адам жәбірленуші деп танылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 28 қазанында Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ тиесілі Костенко атындағы көмір шахтасында жарылыс болды. Соның кесірінен 46 кенші қаза тауып, 28 адам жарақат алған еді.