Қаржы министрлігі қазақстандық жеке мектептерді жаңадан қаржыландыру жүйесі енгізілгесін қаражатты аудара бастады. Бірінші болып Маңғыстау облысында білім беретін оқу ордасы 108 миллион теңгесін алды. Бұл ақша e-Qazyna мемлекеттік платформасындағы OrtaBilim жаңа цифрлы сервисі арқылы ақша аударылған.
–Аталған сервис қаржыландыру процесін жеңілдетіп, ашықтықты арттыруға арналған. Мектептердің барлық бюджеті, тізімдері, кезегі мен өтінімдері осы жерде ашық түрде жарияланады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың сын-қатерін тежейді, сондай-ақ қоғамдық бақылауды күшейтеді. Бұған дейін жасалған қаржы аудиті осы салада көптеген кемшілікті анықтады,– деп хабарлады қаржы министрлігі.
Жеке мектептер қомақты қаражат алу үшін оқушылардың санын жорта көбейтіп, жұмыс істемейтін мұғалімдерді қоса, есептеген жайттар тіркелген. Жаңа жүйе бәсекелестікті арттыруға көмектеседі деседі, министрлік.
Балалардың санын «Электронды күнделік» жүйесімен тексеріліп, нақты оқушының санына байланысты оқу ақысы төленбек.
–Қазір тиісті бюджет Ұлытау, Қызылорда және Ақмола облыстарын есепке алмағанда, барлық өңірде жарияланды. Білім басқармалары бюджеттерді жариялағаннан кейін ғана жергілікті мектептер қаржыландыруға өтініш бере алатынын айта кетейік,– деп хабарлады қаржы министрлігі.