«Ашық әкімдік» жобасы іске қосылды
Орал қаласында «Ашық әкімдік» жобасы жүзеге асты. Мақсат – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген міндетті орындау. Жоба аясында бастапқы екі-үш сағаттың ішінде мамандардың қызметіне 400-ге жуық қала тұрғыны жүгінді. Қалалық әкімдіктің төменгі қабатында орналасқан операциялық залда электронды кезек қойылған. Мұнда енді әкімдіктің үш бөлімі - жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, қала әкімі аппараты «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетеді. Тұрғындар жаңа жобаның тиімділігін атап өтті. - «Ашық әкімдік» жобасы ұйымдастырылғаны өте жақсы болған. Бұрын біз бір кабинетке кіру үшін