26 марта в 14:55

Қасиетті Қадір түнін қалай өткізу керек?

2025 жылы Қадір түні 26 наурыздан 27 наурызға қараған түні деп бекітілді.

Қасиетті Қадір түнін қалай өткізу керек?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Рамазан айының соңғы он күндігінде Қадір түні жасырылған. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешіміне сәйкес, Қадір түні деп наурыздың 26-нан 27-не қараған түні деп бекітілді. Мың айдан да артық Қадір түнін мұсылмандар қауымы асыға күтеді. Қасиетті түн таңға дейін жалғасады. Көктен мыңдаған періште түседі. Олар таңға дейін зікір қылады екен. 

Қадір түнінде имамдар бес игі амал жасауға шақырады. Жақсы амалдарды Орал қаласы мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов жіпке тізді.

— Бірінші кезекте біз екі ракат намаз оқуымыз керек. Ракат деген екі рет дегенді білдіреді. Намаз оқуды білмейтін болса, Алладан тілек тілеу керек. Пайғамбарымыз (с.а.а.) айтады: «Неткен өкініш, Оразаға кіріп, Оразада болып, Құдайдан кешірім сұрай алмаған. Құдайдан дұға-тілегін тілей алмаған адамға»,- дейді. Сондықтан екі раказ намаз оқу, намаз оқымайтын адам болса, Алладан тілек тілеу. Екінші - Құран оқу. Жерлестеріміздің басым көпшілігі «Фатиха», «Ықылас» пен «Нас» сүрелерін біледі. Қадір түнінде білетін сүрелерді көбірек оқу қажет. Оны білмейтін болса, ең болмаса қазақша мағынасын оқығаны абзал, - дейді Орал қаласы мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов.

Қадір түні мың айдан да артық. Қасиетті түнде құлшылық жасап, кешірім сұраса, 84 жылда жазылатын кешірім жазылады екен. Бұл түні садақа беру керек екен. Қадір түнінде берілген садақа 84 жылда берілген садақаның сауабымен пара-пар болады екен. Рамазан айының соңғы он күндігінде кешірім сұрау керек деседі. Имамдар Аллаға истихфар айтып, кешірім тілеу ләзім деп айтады.

Қадір түні -тағдыр түні деп те атайды. Бұл түні бар мұсылман арман-мақсаттарының орындалуын тілейді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp