ASTANA EXPO-2017 алаңында өңірдің инвестициялық әлеуеті таныстырылды
«Astana EXPO-2017» көрмесінің корпоративті павильонында Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті таныстырылды. Форум аясында шетелдік елшілер мен дипломатиялық корпус өкілдері, кәсіпкерлер, жергілікті билік өкілдері, халықаралық қаржы институттары мен ұлттық, шетелдік компания өкілдері өзара пікір алмасты. ЭКСПО алаңында, әуелі, батысқазақстандық ғалымдар мен ірі кәсіпорындардың инвестициялық жобалары таныстырылды. Орал қаласы әкімдігінің «Смарт-Сити», «Жасыл қала», «Қауіпсіз қала» тұжырымдамалары, Ақсай индустриалды паркінің жетістіктері ұсынылды. «КПО б.в.», «АBS-Мұнай», «Батыспауэр»