• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Бюджет қаражатын жымқырған 27 адам сотталды

Қылмыстық топтың мүшелері 3 миллиард теңгені жымқырғаны белгілі болды.
Бюджет қаражатын жымқырған 27 адам сотталды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Түркістанда үш миллиард теңгеден астам бюджет қаражат жымқырғандар жауапқа тартылды. Қылмыстық топтың 27 мүшесі сотталды. Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, сотталғандарға алты жылдан, сегіз жылға дейін жаза арқалады.

Түркістан облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті 2016-2021 жылдар аралығында "КТ Яссы Несие" ЖШС басшылығы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның ірі қара мал сатып алуға арналған агробизнесті қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қаражатын жымқыру схемасын ұйымдастырғанын анықтады. Несие алу мақсатында жалған тұлғалардың атына жалған шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер тіркелген. Өтінімдерге қолдан жасалған бизнес-жоспарлар, құқық белгілейтін құжаттар және іс жүзінде жоқ кепіл мүлкі қоса ұсынылған.

Главный баннер

- Несиелеу мамандары қажетті құжаттарды әзірлеп, жалған несиелік қорытындыларды, тексеру актілерін және қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны туралы құжаттарды рәсімдеу арқылы несиенің заңды түрде берілгені туралы жалған көрініс қалыптастырған. Бағалаушылар мен кепілдік қамтамасыз ету мамандары мүлікті бағалау туралы жалған есептер жасап, шын мәнінде жоқ немесе көрсетілген құнына сәйкес келмейтін мүліктің бар екенін растаған. Ал нотариустар ақшалай сыйақы үшін кепілге қойылатын мүлікке қатысты жалған құжаттарды куәландырған, - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан.

Тергеу барысында 33 қылмыстық құқық бұзушылық фактісі анықталған. 24 жалған несие рәсімделіп, кепіл ретінде іс жүзінде жоқ 54 нысан ұсынылған.

Сот шешімімен мемлекет кірісіне 19 тұрғын үй, он жер учаскесі, екі пәтер, төрт коммерциялық үй-жай және төрт автокөлік тәркіленді.                                                               Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Главный баннер --> after article