Астана күні қарсаңында Орал қаласында көпсалалы спорттық алаңдар пайдалануға берілді
Алғашқы нысан Сырым Датұлы көшесінде ашылды. Ол футбол, волейбол, баскетбол ойнауға арналған әмбебап алаңнан, жүгіру жолағынан, стрит воркаут және балалардың ойын алаңшасынан тұрады. - 20 жылда Астана өсіп-өркендеп қана қоймай, аймақтардың көркеюіне де серпін берді. Біздің Орал қаласы дамуы қарышты. Жаңа шағын аудандар пайда болып, көшелер жаңғыруда. Бұл жер 10 жыл бұрын бос жатқан еді. Енді міне спорттық алаң салынып, міне қасында 16 қабатты зәулім үй бой көтерген. Мұның бәрі тұрғындардың игілігі үшін жасалып отыр. Дені сау ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізеді деген ойдамын, - деді жиналған жұ