30 марта в 17:00

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін 4 млрд теңге бөлінді

2025 жылы Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 4 млрд теңге қаржы бөлінді.

2025 жылы Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасын іске асыру үшін республикалық бюджеттен 4 млрд теңге қаржы бөлінді.
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Елімізде ауылдық ағайынның әл-ауқатын жақсартып, ата кәсіп түрлерін дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы іске қосылған-ды. Аталмыш бағдарлама Ақтөбе облысында іске асып келеді. 2023-2024 жылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін 15 миллиард теңгедей қаржы бөлініпті. Ақтөбелік шаруалар бөлінген қаржыны игерген. Биыл осы бағдарламаны іске асыру үшін республикалық қазынадан төрт миллиард теңгедей қаражат қарастырылған. Ақтөбе облысы әкімдігі кәсіпкерлердің қайтарым қаражаты есебінен 1,2 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Жалпы 16,2 миллиард теңгеге 2863 жоба қаржыландырылмақ. Бұл аймақта 2995 жаңа жұмыс орынын ашуға мүмкіндік беріпті.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында құны 5,4 миллиард теңгені құрайтын 872 жоба мал шаруашылығы саласында іске асып жатыр. Сондай-ақ, дихандар 1,3 миллиард теңгеге өсімдік шаруашылығын өсіруді қолға алыпты.Шаруалар құс шаруашылығын 2,4 миллиард теңгеге 598 жобаны іске асырған. Кәсіпкерлер 1141 жобаны шағын бизнеске арнапты. Бұл үшін қазынадан 6,3 миллиард теңге бөлінді.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp