28 марта в 14:20

Ақтөбе облысында су тасқынынан қорғану үшін бөгет салынды

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданына қарасты Қаратал ауылын су тасқынынан қорғау үшін 4 шақырымды құрайтын бөгет салынды.

Ақтөбе облысында су тасқынынан қорғану үшін бөгет салынды
Ақтөбе облысы әкімдігінің телеграм арнасынан стопкадр

Ойыл ауданына қарасты Қаратал ауылы екі жыл қатарынан қызыл судан зардап шекті. Биыл атқамінерлер қараталдықтарды су тасқынынан қорғау үшін ұзындығы төрт шақырым болатын бөгет салып берді. Бөгеттің құны 866 миллион теңгені құрайды. Ақтөбе облысы әкімдігі жобаның бас мердігері «Ararat Group» ЖШС екенін хабарлады.

— Қараталдағы былтырғы жылғы салынған бөгет құрылысы 2024 жылдың желтоқсан айында толық аяқталды. Ұзындығы төрт шақырымды құрайды. Енді су бұрынғыдай ауыл ішімен өтпей, арнайы салынған су бұру арналары арқылы айналып өтіп, өзен арналарына құйылуда. Бұл шешім ауыл тұрғындары үшін қауіпсіздікті арттырып, су тасқыны қаупін азайтты, - дейді Ш. Берсиев атындағы ауылдық округінің әкімі Әділбек Избасов.

Ақтөбе облысы әкімдігі өткен жылы Ойыл ауданында су тасқынынан 328 үй зардап шеккен. Қызыл судың кесірінен баспанасынан айырылғандарға 172 жаңа баспана салынды. 135 үй екінші нарықтан сатып алынып,  21 баспананы қайта жөндеу үшін қаржы бөлінді. Ал Қаратал ауылында 126 жаңа баспана бой түзеді деп хабарлады.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp