Атырау облысы Жылыой ауданында «Арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған Монтессори орталығын ашу» жобасы жүзеге асуда
2022 жылдың 1-Қаңтарынан бастап Жылыой ауданы бойынша Құлсары қаласында Монтессори орталығын ашу жобасы жұмысын бастап кетті. Монтессори орталығы ерекше балаларды түзету-дамытуға және оңалтуға бағытталған, Жылыой ауданының әкімдігінің қолдауымен, ТШО компаниясының қаржылық демеушілігімен Әлеуметтік инвестициялар бағдарламалары шеңберінде жүзеге асып жатқан жоба. Жобаны ұйымдастырушы – «Ой-сана» психологтер қоғамдық бірлестігі. Жобаның мақсаты - «Монтессори» түзету-дамыту орталығын ашу арқылы 200 мүмкіндігі шектеулі балаларды 2022 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары арасында арнайы оқытып, тәрбиелеу