Атырауда 100-ден астам жүргізушінің құқығы қорғалды. Бұл туралы бас прокуратура хабарлайды. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді құжатсыз көлік басқарғаны үшін жауапқа тартыпты.
Алайда «Электронды құжат және электронды цифрлық қолтаңба» туралы заңына сәйкес, азаматтар құжаттарын қағаз жүзінде тасуға міндетті емес. Электронды құжат қағаз жүзіндегі құжатпен пара-пар.
- Қолданыстағы заңнамада жүргізушілердің жанында қағаз түріндегі құжаттары (жеке куәлік пен жүргізуші куәлігі) болуы тиіс деген міндеттің жоқтығына қарамастан, оларды Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа заңсыз тартып келген, -деп хабарлады бас прокуратура.
Прокурорлық қағадалаудың арқасында 100-ден астам адамға салынған айыппұлдің күші жойылған.