Атырауда бесінші мамырдан бастап «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтып, қылмыстың алдын алу. Тәртіп сақшылары профилактикалық іс-шара барысында жиі жанжалдасатын жанұяларды тексерген.

Полиция қызметкерлері іс-шара басталғалы 120-дан астам құқық бұзған адамға әкімшілік хаттама толтырылған. «102» телефон нөміріне 95-ке жуық хабарлама келіп түскен. Осының нәтижесінде 90-нан астам адамға қорғау нұсқамасы беріліп, 18 азаматқа сот шешімімен мінез-құлқына қатысты ерекше талаптар белгіленгенін хабарлады.

- Егер сіз тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай жағдайдың куәгері атансаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласуыңыз қажет. Кез келген уақытта «102» арнасы арқылы полиция қызметкерлерінен кеңес алып, көмек сұрауға болады, -деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.