Атырауда ауласына 62 түп қарасора еккен тұрғын құрықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлайды.

Заңмен тыйым салынған өсімдікті 54 жастағы ер адам өсірген. Қолға түскен күдікті бұрын сотталғаны белгілі болды. Тәртіп сақшылары күдіктінің пәтерін тінту кезінде бес келіден қарасораны тауып, тәркілеген.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 300 бабы, бірінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.