• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда өзенге секірген жасөспірімді құтқарды

Атырауда жасөспірім Жайық өзеніне секіріп кеткен.
Атырауда өзенге секірген жасөспірімді құтқарды
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Атырауда көпірден Жайық өзеніне секірген жасөспірім аман қалды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қыз баланың өзенге секіргенін екі әуесқой балықшы байқап, бірден құтқару қызметіне хабарлаған. Олар сол мезетте өзен жағасында балық аулап отырыпты. Өзенге секірген қыз баланы құтқару үшін бір балықшы суға секірген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жасөспірім мен ер адамды судан алып шыққан.Абырой болғанда, олар дін аман. 2009 жылы дүниеге келген қыз баланы медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Главный баннер --> after article