• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Атырауда құтқарушылар жолда қалып қойған 57 адамды құтқарды

Құтқарушылар Атыраудан жеті шақырым жерде балшыққа батып, жолда қалып қойған жандарды құтқарды.
Атырауда құтқарушылар жолда қалып қойған 57 адамды құтқарды
Фото видеодан стоп кадр

Атырауда құтқарушылар жолда қалып, көмек сұраған жандарды құтқарды. Оқиға Атыраудан жеті шақырым жерде орналасқан Алмалы ауылы маңында топырақ лайсаңға айналып, бірнеше көлік балшыққа батып қалған. Олар көмек сұрапты. Құтқарушылар жолда қалып қойған жандарды эвакуациялады.

– Құтқару операциясының нәтижесінде 57 адам, оның ішінде 19 бала Алмалы ауылына жеткізілді. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖМ азаматтарды табиғатқа шығар алдында ауа райын ескеруге, жол бағытын мұқият жоспарлауға және жолдардың жағдайын алдын ала нақтылауға шақырады, - деп хабарлады Атырау облысының төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Главный баннер --> after article