Жангелдин ауылында бір отбасының өліміне қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Мой Город.
Негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемалиев іс материалдарымен танысып шыққан. Ол төрт адамның өліміне байланысты өзіне тағылған айыпты мойындағаны белгілі болды.
Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағы — екі немесе одан да көп адамды өлтіру дерегі бойынша айып тағылған.
Сонымен қатар, тергеу барысында Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») және 190-бабы («Алаяқтық») бойынша қосымша қылмыстық істер де тіркелген. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті қайтыс болған отбасының малын сатып, олардың банк картасындағы қаражатты иемденген болуы мүмкін.