Аудиторлық қорытынды - салық тексеруінің балама түрі
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша салық тексерістерін жетілдіру және санын азайту арқылы бизнеске қысым жасауды болдырмау мақсатында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудиторлық ұйымдардың қорытындысы ретінде заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің қызметін өз еріктерімен таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленді. Таратудың оңайлатылған тәртібі ҚР Салық кодексінің 37-2-бабымен реттеліп, келесі талаптарға сәйкес келетін: 1) таратылатын заңды тұлғаның және қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің талап қоюдың мерзiмi кезеңіндегі түзетулері ескеріле отырып, жылдық жиынтық кірістерінің жалпы сомасы