• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек?

Оқу жылы қарсаңында балаларға арналған сөмкені қалай дұрыс таңдаймыз?
Оқушы сөмкесінің салмағы қанша болуы керек?
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Оқу жылына дайындық басталды. Ата-ана баласының мектепке киетін киімінен бастап, барлық қажетті заттарын жинап, сатып алуда. Базарлар мен орталықтарда сауда қызды. Ұсыныс та сұраныс та көп. Оқу-құралды таситын сөмкені таңдауды көп ата-ана баласына сеніп тапсырады. Бастауыш сыныптың оқушылары түрлі мультфильм кейіпкерлерінің бейнесі бейнеленген сөмкені ұстауға әуес.

Жаңа оқу жылы қарсаңында сатып алатын мектеп рюкзағына қандай талап қойылады? Денсаулыққа, баланың омыртқасына залал келмесі үшін нені ескеру керек? Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары көпті толғандырылған сауалдарға жауап берді.

Главный баннер

— Қарапайым жұмсақ рюкзактар бастауыш сынып оқушыларына мүлде келмейді. Мамандар бастауыш кластағы балаларға арқасы мен бүйірлері қатты қаңқалы ранец алуды қатаң ұсынады, өйткені ол салмақты омыртқаға біркелкі бөледі. Ал жұмсақ немесе жартылай қатты құрылымды рюкзактар арқа бұлшықеттері толық бекіген орта және жоғары сынып оқушылары үшін ғана қолайлы, - деді Батыс Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Кенжегүл Мұхитова.

Сөмкенің өлшемі баланың бойына дәл келуі шарт. Атап айтқанда, оның жоғарғы жиегі иық деңгейінен аспауы, ал төменгі жиегі белден төмен түспеуі тиіс. Сонымен қатар көшедегі қауіпсіздік үшін сөмкеде міндетті түрде жарық шағылыстырғыш таспалар болуы қажет — бұл жүргізушілерге қараңғыда баланы алыстан байқауға көмектеседі.

Денсаулықты сақтау үшін сөмкенің де, ішіндегі оқу құралдарының да салмағы қатаң шектеуге бағынуы тиіс. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес, оқу жиынының күнделікті рұқсат етілген салмағы:

  • 1–3 сыныптар: 1,5–2,0 кг;
  • 4–5 сыныптар: 2,0–2,5 кг;
  • 6–7 сыныптар: 3,0–3,5 кг;
  • 8–11(12) сыныптар: 4,0–4,5 кг.
Главный баннер --> after article