Социум
Аутизмді жеңуге болады
Ерекше балалардың ата-анасын қолдау, ауыр дертпен күрескен мамандарға көмек көрсету. Бұл - «Аутизмді жеңуге болады» атты республикалық жобаның басты мақсаты. Құрылғалы бері 8 жылда тәжірибе молайған. Оралда өткен жиында елдің әр түкпірінен келген ұйымдастырушылар өз білім-білігімен бөлісті. Облыста аутизм мәселесін алғашқылардың бірі болып көтерген - Меруерт Санкаева. Осыдан 14 жыл бұрын дәрігерлер оның үш жасар баласына аталмыш диагнозды қояды. Бірақ ол кезде кеселді дертті емдеу, онымен күрес жолдары жайлы мәлімет өте аз болатын. Сондықтан Меруерт қоғам назарын бұл мәселеге аударту үшін қоға