Xiaomi Қазақстанда REDMI Pad 2 9.7 Series жаңа планшеттер желісін таныстырды. Оған REDMI Pad 2 9.7 және 4G байланысын қолдайтын REDMI Pad 2 9.7 4G нұсқасы кіреді. REDMI Pad 2 сериясының бұл жаңа ықшам үлгісі қолданушыларға анағұрлым ыңғайлы әрі тасымалдауға жеңіл шешім ұсынып, алдыңғы буынмен салыстырғанда бірқатар маңызды жаңартулармен толықтырылған. Атап айтқанда, экран көлемі ұлғайып, аккумулятор сыйымдылығы артқан, өнімділігі жақсарған және корпусы жұқартылған. Осылайша, REDMI Pad 2 9.7 Series жол үстінде ойын-сауық пен күнделікті қолдануға қолайлы құрылғыға айналды.
Жоғары айқындық, қанық түстер және мінсіз бірқалыптылық.
REDMI Pad 2 9.7 Series мультимедиалық тәжірибесінің басты артықшылықтарының бірі — сапалы дисплей. Ол жоғары айқындық пен шынайы түстерді үйлестіріп, контентті барынша анық көрсетеді. 9,7 дюймдік¹ 2K ажыратымдылықтағы экран суреттің ұсақ бөлшектерін дәл жеткізсе, кеңейтілген түстік қамту контенттің табиғи реңкі мен қанықтығын сақтайды.
Көзге жайлылық та назардан тыс қалмаған. REDMI Pad 2 9.7 Series көру қабілетін қорғауға арналған TÜV Rheinland үштік сертификатына ие. Сонымен қатар Outdoor режимінде экран жарықтығы 600 нитке дейін жетіп, құрылғыны күн сәулесі қатты түсетін ортада да ыңғайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Ал 120 Гц-ке дейінгі² жаңарту жиілігі интерфейс пен контентті бірқалыпты етіп көрсетеді.
Қуатты аккумулятор мен жоғары өнімділік.
Планшетті ұзақ уақыт пайдаланғанда автономдылық аса маңызды. REDMI Pad 2 9.7 Series 7600 мАсағ (типтік мән) аккумулятормен жабдықталған және 1,7 күнге дейін³ жұмыс істей алады.
Құрылғының өнімділігіне Snapdragon® 6s 4G Gen 2 мобильді платформасы жауап береді. Ол өнімділікті 34%-ға арттырып, AnTuTu тестінде 400 000-нан астам ұпай жинайды.⁴ 6 нм техпроцесімен жасалған сегіз ядролы процессордың жиілігі 2,9 ГГц-ке дейін жетеді. Бұдан бөлек, алдыңғы буынмен салыстырғанда жылу тарату жүйесі жетілдіріліп, ұзақ қолдану кезінде тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.⁴
Жаңартылған интерфейс және құрылғылар арасындағы ыңғайлы байланыс.
REDMI Pad 2 9.7 Series тек қуатты техникалық сипаттамалармен ғана емес, сондай-ақ жаңа Xiaomi HyperOS 3⁵ операциялық жүйесімен де ерекшеленеді. Жүйе жаңартылған құлыптау экраны мен тұсқағаздар арқылы қолданушы интерфейсін анағұрлым ыңғайлы әрі икемді ете түскен.
Xiaomi смартфон иелері үшін экожүйелік мүмкіндіктер де қарастырылған. Мысалы, ортақ алмасу буфері арқылы смартфон мен планшет арасында мәтіндер мен файлдарды лезде көшіруге және қоюға болады.⁶ Сонымен қатар Google әзірлеген Circle to Search функциясы сурет арқылы іздеуді жеңілдетеді.⁷

Жұқа әрі берік корпус.
REDMI Pad 2 9.7 Series қалыңдығы небәрі 7,4 мм³ болатын заманауи жұқа корпуста жасалған. Құрылғы Сұр және Күміс түсті түстерінде ұсынылады.⁸
4G нұсқасы корпус бойымен өтетін сәндік жолағымен ерекшеленсе, REDMI Pad 2 9.7 толық металл unibody корпусымен классикалық стиль ұсынады.⁹ Екі планшет те тартымды дизайнмен қатар жоғары беріктігімен ерекшеленеді. Олар 40-тан астам беріктік сынағынан өткізіліп, күнделікті қарқынды пайдалануға төзімді екені дәлелденген.³
Жоғары айқындықтағы дисплей, қуатты өнімділік және ықшам пішінінің үйлесімі REDMI Pad 2 9.7 мен REDMI Pad 2 9.7 4G модельдерін жол үстінде сапалы контент көріп, өнімді жұмыс істегісі келетіндер үшін тиімді шешімге айналдырады. Жаңа құрылғылар REDMI Pad 2 сериясының мүмкіндігін кеңейтіп, қолданушыларға сенімді әрі сәнді құрылғыны өз қажеттілігіне сай таңдауға мүмкіндік береді.
Бағасы мен сатылымы
REDMI Pad 2 9.7 екі жад нұсқасында ұсынылады:
4 ГБ + 64 ГБ — 84 990 теңге;
4 ГБ + 128 ГБ — 89 990 теңге.
Ал REDMI Pad 2 9.7 4G 4 ГБ + 128 ГБ конфигурациясында 104 990 теңгеге сатылады.
REDMI Pad 2 9.7 Series негізгі сипаттамалары
Дисклеймер
¹ Экран диагоналі шамамен 9,7 дюймді құрайды. Дөңгеленген бұрыштарға байланысты пайдалы экран аумағы аздап кішірек болуы мүмкін.
² 120 Гц жаңарту жиілігі тек қолдау көрсетілетін қосымшалар мен ойындарда қолжетімді.
³ Деректер Xiaomi ішкі зертханасынан алынған. Нақты нәтиже қолдану сценарийіне байланысты өзгеруі мүмкін.
⁴ Алдыңғы буын — REDMI Pad SE 8.7 және REDMI Pad SE 8.7 4G модельдерімен салыстырылған Xiaomi зертханалық деректері.
⁵ Xiaomi HyperOS мүмкіндіктерінің қолжетімділігі бағдарламалық жасақтама нұсқасына және құрылғы моделіне байланысты.
⁶ Құрылғылар Xiaomi HyperOS 3 жүйесіне жаңартылып, Bluetooth® пен WLAN қосулы болуы қажет. Сондай-ақ бір Xiaomi аккаунтына кіріп, «Xiaomi Interconnectivity» бөлімі белсендірілуі керек.
⁷ Кей құрылғыларда ғана қолжетімді, интернетке қосылуды талап етеді.
⁸ Түстердің қолжетімділігі аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
⁹ «Толық металл корпус» атауы құрылғының тек артқы панеліне қатысты.
¹⁰ Бағалар мен акциялар аймаққа байланысты өзгеруі мүмкін.
¹¹ Кей өңірлерде қуаттағыш жинаққа кірмеуі мүмкін.
¹² Аксессуарлар бөлек сатылады.

Xiaomi туралы
Xiaomi Corporation 2010 жылдың сәуірінде құрылған және 2018 жылдың 9 шілдесінде Гонконг қор биржасының негізгі алаңына (1810.HK) шыққан. Компания тұтынушылық электроника мен ақылды өндіріс саласында жұмыс істейді және смартфондар мен IoT платформасына біріктірілген смарт құрылғылар экожүйесін дамытып келеді.
«Пайдаланушымен дос болып, олардың жүрегіндегі ең үздік компанияға айналу» миссиясын ұстанатын Xiaomi инновацияға, пайдаланушы тәжірибесіне және операциялық тиімділікке тұрақты түрде инвестиция салады. Компания озық технологияларды барынша көп адамға қолжетімді ету үшін өнімдерін әділ бағамен ұсынады.
Xiaomi әлемдегі жетекші смартфон өндірушілерінің қатарына кіреді. 2025 жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша смартфондар мен планшеттерді қоса есептегендегі ай сайынғы белсенді аудиториясы (MAU) 754,1 млн адамға жеткен.
Сонымен қатар Xiaomi әлемдегі ең ірі AIoT платформаларының бірін дамытып келеді. 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша оған смартфондар, ноутбуктер мен планшеттерден бөлек 1 079,2 млн құрылғы қосылған.
2023 жылдың қазанында компания «Адам × Автокөлік × Үй» тұжырымдамасын ұсынып, жеке құрылғыларды, ақылды үй шешімдері мен автокөліктерді біртұтас экожүйеге біріктіретін стратегиясын жаңартты.
Xiaomi өнімдері әлемнің 100-ден астам елі мен аймағында сатылады. 2025 жылдың шілдесінде компания жетінші жыл қатарынан Fortune Global 500 тізіміне еніп, 297-орынға жайғасты.
Xiaomi сондай-ақ Hang Seng Index, Hang Seng China Enterprises Index, Hang Seng TECH Index және Hang Seng China 50 Index құрамына кіреді.