Мереке қарсаңында діттеген жеріне аман-есен жетіп, уақытты үнемдеу үшін көп жолаушы ұшақты таңдайды. Жаңа жылдық қарбалас кезінде сақтық шараларын сақтап, жапа шекпес үшін авиация комитеті арнайы ережелерді жариялады.

– Авиациялық қауіпсіздіктің алтын ережелері – жолаушыларды, қызметкерлерді және азаматтық авиация нысандарын қорғауға көмектесетін түсінікті де тиімді қағидалар жиынтығы. Терминалға кірген сәттен бастап ұшаққа отыруға дейінгі саяхат кезеңдерінде қалай әрекет ету керектігі, қандай іс-әрекеттер қауіпсіздікті арттыратыны және қайсысы қауіп төндіретіні осы ережелерде көрсетілген,-деп хабарлайды авиация комитеті.

Үлгі болыңыз:

  • Қол жүгін және багажды өзіңіз жинаңыз;

  • Рейске уақытында келіңіз;

  • Тексеру процедурасын сақтаңыз;

  • Қоғамдық тәртіпті бұзбаңыз.

  • Электрондық поштаңызға жіберілген ережелерді сақтаңыз

Кез келген күдік тудыратын жайтты хабарлаңыз

  • Күдік тудыратын адамдар туралы хабарлаңыз;

  • Қауіпсіздік тексеру процедураларына негізсіз қызығушылық туралы хабарлаңыз;

  • Әдеттен тыс мінез-құлық туралы хабарлаңыз;

  • Күдік тудыратын әңгіме жайлы хабарлаңыз;

  • Қараусыз қалған сөмкелер туралы хабарлаңыз;

Бұзушылыққа бей-жай қарамаңыз

  • Тыйым салынған жерлерде түсіруге жол бермеңіз;

  • Тексеруден жалтаруға жол бермеңіз;

  • Заңсыз кіруге жол бермеңіз;

  • Бөтен заттарды қабылдауға жол бермеңіз;

  • Қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалануға жол бермеңіз.

Қауіпке айналмаңыз

  • Бөтен адамдардан сәлемдеме қабылдамаңыз;

  • Паника тудыратын ақпаратты таратпаңыз;

  • Қылмыстық топтарға кірмеңіз;

  • Құпия ақпаратты таратпаңыз;

  • Жеке заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз.