11 марта в 10:10

Қазақстанда су тасқыны қаупі жоғары аймақтар белгілі болды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысында бірнеше облыста су тасқыны қаупі жоғары деп хабарлады.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев үкімет отырысында бірнеше облыста су тасқыны қаупі жоғары деп хабарлады.
Фото "МГ" порталының мұрағаты

Үкімет отырысында су тасқынына дайындық жұмыстары пысықталды. Жиында экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев ел аумағының 71 пайызында қар жатқанын тілге тиек етті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 15% кем екен. Ол Қазақстанның  Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облысы мен  Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облысында қар еріп жатыр деп хабарлады.

— Наурыз айында температура көтеріліп, жауын-шашын көп болса еріген қар суынан тау өзендерінде тасқын жүруі мүмкін. Орталық, солтүстік және шығыс аймақтарда қар қалың, наурыз айында жауын-шашын мөлшері айлық нормадан екі және одан да көп түседі деп күтіліп отыр. Мысалы, Астанада бірінші онкүндіктің өзінде айлық жауын-шашын мөлшері түсті,- дейді Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев. 

Министр Нысанбаев үкімет отырысында су тасқыны қаупі жоғары өңірлердің қатарында: Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары және Ұлытау және Абай облысы бар деп хабарлады.  Қауіптілігі орташа өңірлер қатарында Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары бар екн. Ал, Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облысында көктемгі су тасқыны күтілмейді екен.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқынының басталуына аз ғана уақыт қалды. Әкімдер бұл мәселені бақылауға алу керек деп тапсырды.

— Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер. Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына толығымен дайын болуға тиіс. Сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін», - дейді премьер-министр Олжас Бектенов. 

Премьер Бектенов орынбасары  Қанат Бозымбаевқа жедел штабтың республикалық отырысын ұйымдастыруды тапсырды


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp