Қазақстанда жұмыс берушілер 1 млн теңге жалақы төлеуге әзір

Жұмыс берушілер өндіріс бастығының орынбасарына бір миллион теңге жалақы төлеуге әзір.

Қазақстанда жұмыс берушілер 1 млн теңге жалақы төлеуге әзір
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Қазақстандық жұмыс берушілер өндіріс бастығының орынбасарына бір миллион теңге, компьютерлік ойындар дизайнеріне 990 мың теңге және омбудсменге 990 мың теңге жалақы төлеуге әзір. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.  

— Ең жоғары еңбекақы күтулері коммерциялық әуе лайнерінің ұшқышы (~2,8 миллион теңге), өрттің алдын алу және сөндіру жөніндегі кенші (~екі миллион теңге) және басқарма төрағасының орынбасары (~1,8 миллион теңге) мамандықтарында байқалды. Ұсынылған және күтілетін еңбекақы деңгейлері арасындағы алшақтық әлі де сақталуда, әсіресе басқарушылық және техникалық сегменттерде,— деп хабарлады министрлік.

Ел аумағында қазан айында тәрбиеші, есепші мен математика мұғаліміне сұраныс көп. Орта деңгейлі мамандар арасында қазандық операторлары (6,9 мың), егін өсірушілер (2,2 мың) және медбикелер (1,9 мың) ерекше сұранысқа ие болды. Министрлік жұмыс іздеушілердің ішінде 2,2 мың есепші, 1,6 мың заңгер және 1,6 мың тәрбиеші мамандығы бойынша электронды биржаға түйіндемесін орналастырған. Сондай-ақ, орта біліктілігі бар мамандардың ішінде 3,7 мың адам қазандық операторы, 1,9 мың медбике мен 1,6 мың адам көлік жүргізуші мамандығы бойынша түйіндемесін жүктепті.

— Жас құрылымы тұрғысынан барлық түйіндемелердің жартысына жуығы (51,4 мың немесе 45%) 34 жасқа дейінгі азаматтар тарапынан орналастырылған. 35–44 жас аралығындағы ізденушілер 26% (29,2 мың), 45–54 жас аралығындағы топ 19% (21,8 мың), ал 55 жастан асқандар 10% (11,7 мың) үлесті құрады. Әйелдер дәстүрлі түрде белсендірек болып қала береді – олардың үлесіне барлық түйіндемелердің 52%-ы тиесілі, — деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Қазақстанда ең көп жұмыс орны Түркістан облысында тіркелген. Рухани астанада 12 мың бос жұмыс орны бар. Екінші орынға елорда тұрақтапты. Астада 11 мыңнан астам бос жұмыс орны болса, үштікті Жамбыл облысы түйіндеді. Мұнда 8,8 мың жұмысшы қажет деген хабарлама жарияланыпты.

Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp