• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

Қазақстанда «Қаржы әлемі» атты мультфильм жарық көрді

Балаларға арналған туынды оқушыларға қаржы қағидатын үйретпек.
Қазақстанда «Қаржы әлемі» атты мультфильм жарық көрді
Видеодан стоп кадр

Елімізде балаларға арналған «Қаржы әлемі» атты жаңа мультфильм жарық көрді. Ол жас ұрпақты қаражатты жұмсаудың әдіс-тәсілін үйретпек. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Жаңа туынды 12 сериядан тұрады. Әр серияда барыс, арқар, құлан, сілеусін, тиін, сұртышқан, кірпі күнделікті өмірде кездесететін қиындықтарды еңсереді. Олар балаларға ақшаны дұрыс жұмсап, жоспарлап, еңбек етуді насихаттайды.

Мультфильмде қаржы пирамидаларынан сақтанудың дағдыларына екпін салынған.

Мультфилім қазақ және орыс тілінде әзірленген. Туындының сценарийін қаржы және білім беру саласының сарапшылары бірлесіп жазыпты.