Әлеуметтік желіде екпе алған балаларда түрлі асқынулар болуы мүмкін деген жазба көп. Осы жазбаға қатысты денсаулық сақтау министрлігі жауап берді. Педиатр-дәрігер Эльвира Марқабаева вакцинацияның қалай жүргізілетінін жіпке тізді. Ол баланың екпеге дайындаудың маңызына тоқталды.

Дәрігер екпе салмас бұрын, баланың жан-жақты тексерілетінін айтады. Соның арқасында бүлдіршіннің аллергиялық редакциясының бар-жоғы анықталып, денесі мен терісін тексереді. Егер осы тексеріс барысында қандай да бір олқылық анықталса, баланы қосымша анализ тапсыруға немесе маманға қаралуға жібереді.

- Тексеруден бөлек, егу графигін сақтау және екпелер арасындағы қажетті интервалды сақтау үшін баланың вакцинация күнтізбесі қаралады. Егер қарсы көрсеткіштер болмаса, дәрігер баланың екпе алуына рұқсат береді. Бұдан әрі ата-ана балаға салынатын вакцинамен толық танысады және вакцинациядан кейінгі бақылау бойынша ұсыныстар алады. Екпе алғаннан кейін ата-ана баламен бірге емханада тағы 20-30 минут болуы тиіс. Бұл дәрігердің баланы вакцинациядан кейінгі жағдайын бақылау үшін қажет. Осылайша вакцинация барлық қарсы көрсеткіштерді ескере отырып, тек дені сау балаға ғана салынады, - дейді педиатр-дәрігер Эльвира Марқабаева.