Футбол федерациясы негізсіз 300 млн теңге сыйақы төлеген
Еліміздің бас прокуратурасы Қазақстан Футбол федерациясының бұрынғы басшылығы мен футбол клубтарына жекелеген тексеріс жүргізіліп, 3 млрд теңге көлемінде қаржылық бұзушылық анықтады деп хабарлайды.

Бас прокуратура Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығы мен футбол клубтарының жұмысын тексерген. Тексеріс нәтижесінде негізсіз сыйақы төлеу, инфрақұрылым объектілерін салу кезінде қаражатты мақсатсыз пайдалану, спортшылармен жасалған күмәнді келісімдер және спортшыларды тамақтандыруға бөлінген қаржыны жымқыру фактілер анықталды.
Федерацияның бұрынғы басшылығы жекелеген қызметкерлер мен спортшыларға 300 миллион теңгеден астам сомада негізсіз сыйақы төлеген. Федерацияның әкімшілік ғимараты мен Талғар қаласындағы жаттығу базасын салу барысында іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға 350 миллион теңгеден аса төлемдер жасалған. 2021 жылы басталған Алматы облысындағы база құрылысы тоқтап тұр. Мердігердің шоттары бұғатталды.
Сонымен қатар прокурорларға 135 миллион теңге стратегиялық құжаттар мен стандарттарды әзірлеуге бөлінген қаражаттың орынды жұмсалуы күмән тудырыпты.Бұл құжаттарда нақты іске асыру тетіктері, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту жолдары көрсетілмеген. Клубтарды басқару стандарты іс жүзінде енгізілмеген. «Ордабасы», «Ақтөбе» және «Жетісу» футбол клубтарындағы тексерулер де келісімшарт сомаларын асырып көрсету, ойыншыларды төмен бағамен сату, жоғары бағамен сатып алу және қаражат жымқыру сияқты бірқатар елеулі бұзушылықтар анықталды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталыпты. Футбол федерациясының бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық іс тергеп-тексеру жүргізу үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне берілген.