Батыс Қазақстан облысында «Рухани келісім» күні аталып өтілді
Атаулы датаға орай Батыс өңірінің этомәдени орталықтарының мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдар, діни бірлестік өкілдері Достық үйінің төрінде жиналды. Шараға қала әкімі Мұрат Мұқаев та арнайы қатысып, ізгі лебізін білдірген болатын. 140-тан астам этнос пен он сегіз конфессияның басы бір шаңырақ астында біріккен біздің ел үшін татулық, тұрақтылық мәселесі қашанда маңызды. Осы бейбітшіліктің сақталуы үшін де бүгінгі зайырлы Қазақстанда ой, дін еркіндігі сақталып, ұлтаралық келісім принциптері жүзеге асуда. Елімізде 1992-жылдан бастап аталып өтілетін бұл «Рухани келісім» күні де осы ынтымақтастық