Социум
БҚО-да су желісін жаңғырту аяқталды
Ерекше күнде облыс әкімі Алтай Көлгінов ауылдықтардың қуанышымен бөлісіп, гидронысанды іске қосты. Биыл өңірдегі 55 елді мекенді ауызсумен қамту көзделсе, соның 5-уі Зеленов ауданында. Әсіресе Көшім ауылы үшін мәселе өзекті болатын. Өйткені көп жылдан бері тұрғындар таза судан таршылық көріп келді. Сондықтан су мұнарасының ашылуы сияқты маңызды шараға ауылдықтар тегіс жиналды. - «Ақ Бұлақ» бағдарламасы бойынша желі жеткізіліп, үйді-үйге су тартылды. Халық мәре-сәре. Үлкен жолдың бойында тұрамыз, көгілдір отынымыз бар, суымыз келді. Ауылдықтардың тұрмысы қаладан кем емес деп айтсам қателеспеймі