Социум
«Бәйтерек» қоғамдық бірлестігіне биыл – 10 жыл
Ауру балалардың жанына демеу болып, жүрегін жылытқан «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігіне биыл – 10 жыл. Бүгін сол мерейлі кезеңге орай Оралда салтанатты шара өтті. Белсенді бірлестікті әріптестері құттықтап, демеушілер мүгедек балаларға тарту-таралғы жасады. Биыл 1-сыныпқа барған ерекше балалар да сый-сияпаттан құр қалмады. Оларды ерекше балалар деп атайды. Шынымен де, дүниені түйсінуі, бітім-болмысы бөлек балалардың күтімі де ерек болуы керек. Мүгедек жандарды қанатының астына алып, сауығып кетуіне зор үлес қосқан бірден-бір қоғамдық ұйым - «Бәйтерек». 10 жылда жеткен биік көп. Бірлестік бастама