Бөрлі ауданында әлеуметтік осал топтарға тегін балапан таратылды
Көп балалы отбасыларға мемлекеттің қамқорлығы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды еңбекке ынталандыруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіруді тапсырған еді. Осыған байланысты өңірдегі көп балалы және аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету механизміне жаңашылдық енгізді. Облыс әкімінің бастамасымен осы санаттағы отбасыларға тегін балапан таратылуда. Акция аясында Бөрлі ауданында 100-ден астам жанұяға көмек көрсетілді. Тақырыпты сол аудандағы әріптесім жалғастырады. Бөрлілік Жанар Аяпова жеті баланың анасы. Былтырдан бастап мемлекеттен атаулы әл