Маңғыстау облысына қарасты Қарақия ауданының тұрғыны, көпбалалы ана бірнеше жылдан бері "Күміс алқа" марапатын ала алмай жүріпті. Тұрғын 2023 жылы әкімдікке алқаны алу үшін өтініш жазған екен. Уәкілетті орган көпбалалы ананың өтішіне ұзақ уақыт жауап қатпапты.
Амалы таусылған Қарақиян тұрғыны прокуратураға шағымданыпты.
- Облыс прокуратурасының сүйемелдеуімен қажетті құжаттар рәсімделіп, уәкілетті органның қарауына жолданды, - деп хабарлады Маңғыстау облысының прокуратурасы.
Прокурорлардың тексерісінен кейін көпбалалы ананы "Күміс алқа" мемлекеттік наградасы салтанатты түрде табысталған.