Бөрлідегі рухани шаралар легі
24 мамыр күні Тәжиден Батырұлы мешітінің бас имамы Мейрамбек Әбдірахманов жұмыс сапарымен Бөрлі аудандық мешітінде болып, жамағатпен жүздесті. Ақсай қаласындағы Алланың үйінде болған Мейрамбек Әбдірахманов жұма намазына қатысып, «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында уағыз айтты. «Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде, ең соңғы кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін – Ислам діні. Дін – адамзат тарихы мен мәдениеттің ажырамас бөлігі. Дінін білген адамға тегі, тегін білген адамға діні ешқашан жат