Бөрлілік шаруалар сандық технологияны кеңінен қолдануда
Бөрлі ауданында шаруалар мал өсіріп, егін егуде сандық технологияларды кеңінен қолдануда. Ауданда, әсіресе,ғарыштық бақылау құралдарына қызығушылық артқан. Фермерлердің дені күн батареяларын сатып алып, қызығын көруде. Заманауи технологиялырдың қай қайсысы да мал шаруашылығымен айналысу ісін оңтайландырады. "Бекежанов" шаруа қожалығы сегіз жылдан бері атакәсіпті жандандырып келеді. 2000 гектар жерге мал азығын егіп, қорасындағы малына азық дайындайды. Өрісте жылқы, сиыр, қой жайылып жүр. Құс шаруашылығын да өркендетіп отыр. Қожалық жаңа технологияның игілігін көріп келеді. Енді қысы-жазы өріст