«Бесігінде тұншықтыру керек» - Тоқаев қылмыстық топтар туралы
Коронавирус пандемиясының салдары Қазақстанда қылмыстың көбеюіне себеп болуы мүмкін. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Фото с сайта "Акорды" Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі криминогендік ахуалға назар аударды. Мемлекет басшысы карантиндік шектеулер кезінде қылмыстық іс-әрекеттердің едәуір азайғанына қарамастан, шектеулер жеңілдетілгеннен кейін, керісінше, күш-жігерді жұмылдыра түсу қажет екенін айтты. "Пандемияның экономика мен әлеуметтік салаға тигізген кері әсері қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол ашуы мүмкін. Құқық қорғау