Социум
Білім күні Оралда 5400 бала 1-сыныпқа барды
Білім күні Орал қаласының барлық білім ордасында өткен мерекелік жиын Назарбаев зияткерлік мектебінде де ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырылды. Ұстаздар қауымы, ата-аналар мен шәкірттер бір-бірін мейраммен құттықтап, жаңа оқу жылына сәттілік тілесті. Облыс әкімі А.Көлгінов те жарқын шараның куәсі болды. Үш ай тынығып, қайтадан сүйікті алтын ұясына жиналған шәкірттер тың күшпен тағы бір оқу жылын бастады. Биыл Назарбаев зияткерлік мектебінде 510 бала білім алмақ. Осымен бесінші жыл жаңа оқуы жылын бастаған заманауи мектептің игілігін облыс әкімі Алтай Көлгінов те атап өтті. Биылғы жылдың басты