Бір айдан кейін міндетті медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды
Осы жылдың 1 шілдесінен бастап барлық жұмыс беруші жұмысшы жалақысының 1%-н медициналық сақтандыру қорына аудара бастайды. Ал мемлекет зейнеткерлер, мүгедектер, студенттермен қатар, жұмыссыз адамдар үшін де жарна төлеп, олардың денсаулығын қорғайды. Және өңірдегі үш медициналық мекеме сенімгерлік басқаруға берілетіні белгілі болды. Осы және өзге де жаңашылдықтар Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік алаңында өткен брифингте айтылды. Бір айдан кейін елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле бастайды. Ал келер жылдан бастап барлық тұрғын осы ескі де жаңа жүйе арқыл