Социум
Биыл Қала күні ерекше тойланды
Қала күніне арналған ең басты мерекелік шаралар қыркүйектің 9-ы күні түске дейін Достық даңғылы мен Д.Нұрпейісова атындағы көшелерде салтанат құрды. Мұнда этноауылдар түзіліп, ән мен күй төгіліп, түрлі шоу, театрландырылған көрініс қойылды. Бұл қызықтың бәрін тамашалаған оралдықтар биылғы қала күнінің ерекше тойланып жатқанын айтады. Қызылды-жасыл қолшатырлар аллеясы – оралдықтардың бірден ең сүйікті орнына айналды. Таласа-тармаса суретке түсіп жатқан бір адам. Өйткені мұндай көз жайнатар құбылыспен бөліспеу мүмкін емес. Мультфильм мен ертегі кейіпкерлері де мейрамның бояуын құбылтып, жұртшылы