• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да 37 келіге жуық шаян тәркіленді

Полиция қызметкерлері өзен шаянын ВАЗ автокөлігінен тапқан.
БҚО-да 37 келіге жуық шаян тәркіленді
Фото "МГ" порталының мұрағатынан

Батыс Қазақстан облысында көліктен салмағы 36,8 келі болатын өзен шаяны табылды. Polisia.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, үш қап шаян ВАЗ автокөлігінен тәркіленген. Теректі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түнгі рейд өткізіпті. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары күдік тудырған көлікті тоқтатыпты.

Қазіргі таңда 37 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Главный баннер --> after article