• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да азаматтарды боқтаған мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылды

Әдеп жөніндегі кеңесте азаматтарды балағаттаған мемлекеттік қызметшілердің ісі қаралды.
БҚО-да азаматтарды боқтаған мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылды
Автордың фотосы

Оралда әдеп жөніндегі кеңес өтті. Жиында сөзден жаңылып, азаматтарды балағаттаған мемлекеттік қызметшілер жаза арқалады. Соның бірі- Бөрлі ауданына қарасты Кеңтүбек ауылының әкімі Нұрлан Газиов. Ол ауыл адамдары отыратын чатта Азамат Алданғаров есімді тұрғынды «Жұмыссыз қалдырамын. Точкаңды жабамын» деп айтып, балағаттапты. Кеңестің мүшелері бәйәдеп сөздер жазылған аудионы тыңдамаймыз деп бір ауыздан шешім қабылдады. Жиынға ауыл әкімі қатыспады. Оған кеңес мүшелері ескерту түріндегі тәртіп жаза беруді ұйғарды.

Бөкей Ордасы ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Руслан Карин ауыл тұрғынын азаматтарды қабылдау кезінде балағаттапты.

Главный баннер

— Департаментке азаматша Каресованың бөлім басшының іс-әрекетіне қатысты шағымдар түскен болатын. Олар бойынша департамент тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде Карин ағымдағы жылдың шілде айында шағым иесіне әңгімелесу барысында балағат сөздер айтқаны анықталды. Өз кезегінде Карин хатшылыққа берген түсініктемесінде аталған жайтты мойындап, растады. Аудан әкімі ұсынған мінездемесіне сәйкес бөлім басшысы тек жақсы жағынан ғана сипатталады. Сондай-ақ бүгінгі күні тәртіптік жазаға тартылмаған,– деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басқарма басшысы Самат Искалиев.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы да отбасылық жағдайына байланысты әдеп жөніндегі кеңеске қатыспады. Бірақ жасаған ісін мойындапты. Оған әдеп кеңесінің мүшелері қатаң сөгіс жөніндегі тәртіптік жаза берді.

Күні бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысында 12 мемлекеттік қызметшінің тәртіптік ісі әдеп жөніндегі кеңесте қаралған.

Главный баннер --> after article