• Курсы предоставлены Национальный банк Казахстана
  • $ 491,37 ₸
  • 570,48 ₸
  • 6,78 ₸
  • Уральск

Меню

БҚО-да дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті сайланды

Облыс орталығында дәстүрлі садақ ату федерациясының кезектен тыс жиыны өтті.
БҚО-да дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті сайланды
БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының фотосы

Батыс Қазақстан облысының дәстүрлі садақ ату федерациясында жаңа президенті сайланды. Федерация мүшелері бірауыздан Орал қаласының әкімі Мұрат Байменовтың кандидатурасын қолдады. Шаһар басшысы садақ ату федерациясының президенті болып сайланды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 

Осы уақытқа дейін федерацияны басқарып келген Асхат Ищанов федерацияның вице-президенті қызметіне тағайындады.

Жиында сөз сөйлеген Мұрат Байменов дәстүрлі садақ ату – халқымыздың бай мұрасы мен рухани құндылығы екенін атап өтіп, өңірде ұлттық спортты дамыту, материалдық-техникалық базаны нығайту, жасөспірімдерді спортқа кеңінен тарту және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті спортшыларды даярлау бағытындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінетінін жеткізді.

Жиын соңында қатысушылар жаңа президентті қызметімен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Главный баннер --> after article