Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданына қарасты Ұзынкөл ауылында қызыл жалын тұтанды. Оқиға 20 тамызда сағат 16:27-де тіркелген. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі қос екі пәтерлі үйдің, шаруашылық құрылыстардың және қорада сақталған шөп жанғанын хабарлады.
Тілсіз жауды 14 өрт сөндіруші мен үш техника, әкімдіктің 45 қызметкері мен жеті техника, Шекара қызметінің он қызметкері мен екі техника,15 полиция қызметкері мен екі техникасы сөндірген.
- Өрттен тұрғын үйлері зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында Жәнібек ауданының жергілікті атқарушы органы уақытша тұру үшін тұрғын үй беруді ұйымдастыруда, - деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Төтеншеліктер өрттің шығу себеп-салдарын анықтауға кірісті.