Батыс Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігін сақтау мен белгіленбеген жерде шомылудың алдын алу үшін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рейдке шықты. Орал қаласында «Ревунок», Жаңа көпір ауданы мен «Романтик», «Металлист» және «Хан тоғайы» демалыс орындарын тексеріпті. Төтеншеліктер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға және суда шомылған кезде де сақ болуды ескертті. Десек те, заң талаптарын бұзып, от жағып, жабдықталмаған жерде суға түскендер табылған. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті ек күнде заң талаптарын бұзған 17 адам жауапқа тартылып, айыппұл арқалағанын хабарлады.
Төтеншеліктер тұрғындарға өрт қауіпсіздігін есте сақтап, жабдықталмаған орында суға түспеуге кеңес береді.