Батыс Қазақстан облысында заңсыз полигон анықталған. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады. Прокурорлар экология департаментінің қызметкерлерімен бірге Теректі ауданына қарасты Жаңа өмір ауылында орналасқан тұрмыстық қалдықтар полигонын тексеріпті. Тексеріс нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғанын анықталды.
Осы полигонға тұрғындар біраз жыл шағымданып келді. Ауылдық ағайын қоршаған ортаның жай-күйіне алаңдап, қолқаны қабатын иіске шағымданды.
– Әкімдікпен экологиялық рұқсат талаптары орындалмаған: уәкілетті органдарға міндетті есептілік ұсынбаған, табиғат қорғау іс-шараларын жүзеге асырмаған, қалдықтардың есебін жүргізбеген, қалдықтарды полигон шегінен тыс орналастырған, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтардың жану фактілері орын алған, – деп хабарлады Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы.
Қатты тұрмыстық қалдықтардың мәселесін үйлестірмеген Шаған ауылдық округінің әкіміне және "Шаған ауылдық әкімі аппараты" мекемесіне әкімшілік айыппұл салынды.