Батысқазақстандық спортшылар қазақ күресінен ел чемпионы атанды. Байрақты бәсеке Петропавл қаласында өтті. Сайыс 23 жасқа дейінгі жастар арасында ұйымдастырылды,— деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.
Жарыстың қорытындысы бойынша боз кілемде белдескен спортшылардың ішінде үш ару екі алтын мен бір қола медальдің иегері атанды.
56 келі салмақта өнер көрсеткен Ақерке Жұмағалиева алтын медальдің иегері атанды.
77 келі салмақта белсендескен Айсұлу Сәрсенова да жауырыны жерге тимей, І орын алды.
Ал, 60 келі салмақта белдескен Ардақ Радикқызы үздік үштіктің қатарынан табылып, қола медальді еншіледі.