05 марта в 05:00

БҚО тұрғыны жасырын бөлмеде есірткі зертханасын жасақтаған

Құқық қорғау қызметкерлері жасырын бөлмеден есірткі заттарын тапты.

БҚО-да ауыл тұрғыны жасырын бөлмеде есірткі зертханасын жасаған.
БҚО ПД фотосы

Теректі ауданының 35 жастағы тұрғыны үйінде есірткі зертханасын жасағаны анықталды. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктінің баспанасынан есірткі өсіруге арналған жасырын бөлмені тауыпты. Тәртіп сақшылары бөлмеден 24 грамм кептірілген қарасора, осы өсімдіктің бес түбі мен екі желдеткіш, шегуге арналған құралдарды тәркіледі. Жасырын зертханада тыйым салынған өсімдіктердің өсуіне бар жағдай жасалған. Қазіргі таңда осы іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Елімізде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді егіп, оны өсіру заңмен қудаланады.


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp