4 часа назад

БҚО-да жас зерттеушілер бас қосты

БҚО-да жас зерттеушілердің облыстық конференциясы өтті.

БҚО-да жас зерттеушілер бас қосты
Бөкей Орда әкімдігінің фотосы

Жеңістің 80 жылдығына орай түрлі іс-шаралар өтуде. Танымдық шараның бірі- Бөкей ордасы ауданында ұйымдастырылды. Бұл туралы аудан әкімдігі хабарлады. Сайхын ауылында «Бейбіт өмірдің ұрпақтары» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған Орал қаласы, Жәнібек, Казталов, Ақжайық ауданынан келген оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілері қатысты.

Тұңғыштар мекеніне сапарлап келген меймандар ең алдымен аудандық демалыс орталығында ұйымдастырлған режиссер Мұрат Жәкібаевтың Бөкей ордасы туралы түсірілген "Сокращение штатов" көркем фильмін тамашалап, кешкі Сайқынға экскурсия жасап, М.Мәметова атындағы орта мектептің мұражайымен танысты. Танымды іс-шарада оқушыларға баяндамаларын оқып, пайым-пікірлерін ортаға салды.

Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Кенесары Нұршинов меймандарға алғысын білдіріп, спикерлер мен оқушыларға алғыс хат пен сыйлықтарды тарту етті.


  


Стали очевидцем происшествия?  WhatsApp