Батыс Қазақстан облысында 122 келі болатын бекіре тұқымдас балықты тасымалдамақ болған адам ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға Бәйтерек ауданына қарасты Рубежин ауылының маңында тіркелген. Полиция қызметкерлері «ВАЗ-2131» маркілі көлігін тоқтатыпты. Тексеру барысында арнайы рұқсат қағазы жоқ жайын, мөңке, табан, дөңмайдай, сазан балығын тасымалдағаны анықталыпты. Жалпы 49 дана балық тәркіленген.
Қазіргі таңда аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Көлік арнайы тұраққа қойылыпты.
-Қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүргізілуде, келтірілген шығын көлемі анықталуда,-деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.